locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ДЕРЕККӨЗ. Модрич пен Реал арадағы келісімшарт мерзімін ұзартпауы мүмкін

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
ДЕРЕККӨЗ. Модрич пен Реал арадағы келісімшарт мерзімін ұзартпауы мүмкін
Фото: gettyimages

Хорватия ұлттық құрамасы мен "Реал Мадридтің" ойыншысы Лука Модрич мадридтік клубпен арадағы келісімшарт мерзімін ұзартпайды, деп жазады Marca басылымы.

Ақпарат көзіне сенсек, жартылай қорғаушы келісімшартты ұзартуды қанша қалағанымен, "Реалдың" жоспарлары мүлдем басқа көрінеді.

Бұған дейін, жартылай қорғаушы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін мадридтік клубта қалуды қалайтынын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, 39 жастағы жартылай қорғаушы "Реал" сапына 2012 жылы "Тоттенхэм Хотспур" клубынан 35 млн еуроға ауысып келген болатын.

Хорватиялық жартылай қорғаушы клуб сапында осы маусымда барлық турнирлерде 41 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 6 голдық пас берген.

Сондай-ақ оқыңыз: Вальверде Ла Лигадағы мерейтойлы матчын өткізді

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie