ДЕРЕККӨЗ. Хосеп Гвардиола ағылшындық клубтан кетуі мүмкін
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
“Манчестер” Ситидің бас бапкері Хосеп Гвардиола ағылшын клубынан кетуі мүмкін
El Nacional мәліметі бойынша, 54 жастағы испандық маманға Сауд Арабиясының клубтарының бірі ұсыныс жасаған. Егер Гвардиола “Манчестер Ситиден” кетіп, Сауд Арабиясына көшуге келіссе, оның жалақысы бірнеше есеге өседі.
"Қалалықтардың" басшылығы Гвардиолаға сенеді және онымен қоштасуды жоспарламайды.
"Сити" 2024/2025 маусымында Чемпиондар лигасы мен ағылшын лигасының кубогынан шығып қалды. Ағылшын Премьер-лигасында Гвардиола командасы 26 матчта 44 ұпаймен төртінші орында келеді.
Манчестер Сити соңғы тоғыз матчтың бесеуінде жеңіліп қалды. Соңғы матчта олар “Ливерпуль” командасынан 0:2 есебімен жеңілген болатын.