locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Демек, әзірге лайық емеспін»: «Тобол» қақпашысы неге Қазақстан құрамасына шақырылмайтынын айтты

Бусурманов ұлттық командада әлі бірде-бір ойын өткізген жоқ
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
«Демек, әзірге лайық емеспін»: «Тобол» қақпашысы неге Қазақстан құрамасына шақырылмайтынын айтты
ФОТО: ФК «Тобол»

«Тобол» қақпашысы Сұлтан Бусурманов неге Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылмай отырғаны туралы пікір білдірді

«Барлығы жақсы, рахмет. Кубок финалынан кейін құрамадан шақырту болмағаны өкінішті ме? Жоқ, ренжімеймін. Демек, әзірге лайық емеспін», — деді Бусурманов Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.

Өткен сенбі, 4 қазанда Қызылордада өткен Қазақстан кубогының финалында «Тобол» «Ордабасыны» 2:0 есебімен жеңіп шықты. Бусурманов алаңда толық 90 минут ойнап, бес сейв жасап, командасының жеңісіне зор үлес қосты.

29 жастағы қақпашы әлі күнге дейін Қазақстан құрамасының негізгі сапында бірде-бір ойын өткізген жоқ.

Жұма күні, 10 қазанда Қазақстан Лихтенштейнді қабылдайды, ал 14 қазанға қараған түні сырт алаңда Солтүстік Македониямен кездеседі. Екі ойын да 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie