Дьекерештің демалыстан кейін клубқа келмеуі туралы «Спортинг» президенті: Бұл трансферді қиындатады
«Спортинг» президенті Фредерику Варандаш Виктор Дьекерештің шабуылшының маусымалды жаттығуына келмегенін түсіндіріп, «Арсеналға» үн қатты.
— Осындай қадамға барған «данышпандар» менің шешіміме ықпал етеміз деп ойласа, қатты қателеседі. Бұл тек трансферді қиындатады. Клуб мүддесі әрқашан бірінші орында. Егер біреу Виктор үшін лайықты баға төлеуге дайын болмаса — ештеңе етпейді. Бізде оның келісімі әлі үш жылға созылады. Сабырмен күтеміз. Трансфер терезесі жабылғанда бәрі анық болады. Егер ол қалса — айыппұл төлеп, команданың алдында кешірім сұрауы керек, — деді Варандаш.
Шілде басында швед шабуылшысы Виктор Дьекерештің «Арсеналмен» жеке келісімге келгені белгілі болды. Жақында ол «Спортингке» оралудан бас тартып, шақыртуға қарамастан, маусымалды жаттығуға келмеді.
Өткен маусымда Дьекереш тамаша нәтиже көрсетті: 52 матчта 54 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Ол «Спортингпен» 2028 жылға дейін келісімшартқа ие, ал трансферлік құны шамамен 75 миллион еуроны құрайды.
Онана 2023 жылдың шілдесінен бері «Манчестер Юнайтед» сапында ойнап жүр. Өткен маусымда ол 50 матч өткізіп, 65 гол жіберіп алды және 11 ойында қақпасын «құрғақ» сақтап қалды.
Негізгі қақпашының жарақатына байланысты «МЮ» жаңа қақпашы іздей бастады.
Қазіргі таңда командада камерундық Андре Онанадан бөлек, Түркия құрамасының қақпашысы Алтай Баяндыр да бар. Сонымен қатар клуб өз түлегі, 39 жастағы Том Хитонмен келісімшартты ұзартты — бұл шешім оның символдық мәнін ескере отырып қабылданған.