locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Даурен Жұмат «Оқжетпестен» басқа ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін

«Ордабасы» Көкшетау командасының көшбасшысына қызығушылық танытып отыр
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Даурен Жұмат «Оқжетпестен» басқа ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін
ФОТО: «Окжетпес»

Көкшетаулық «Оқжетпес» пен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Даурен Жұмат шымкенттік «Ордабасы» сапын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Дереккөздің мәліметінше, «Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартин келесі маусымға арналған құрамды жасақтауды бастап кеткен.

Молдавиялық маман өз командасының жаңа ойыншыларының бірі ретінде Жұматты көргісі келеді.

26 жастағы футболшының ойын мәнері Мартинге ерекше ұнайтыны атап өтілген.

Даурен Жұмат өткен Қазақстан Премьер-Лигасы маусымын нәтижелі өткізді.

«Оқжетпес» сапында 26 матчта ол 13 гол соғып, үш нәтижелі пас беріп, ҚПЛ-дың үздік үш сұрмергенінің қатарына енді.

Бұған қоса, биыл Жұмат Қазақстан ұлттық құрамасының сапында алғаш рет алаңға шықты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie