locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сәтпаев таңқалдыруын жалғастыруда. Оның ойынына еуропалықтар қайтадан жоғарғы баға берді

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Дастан Сәтпаев таңқалдыруын жалғастыруда. Оның ойынына еуропалықтар қайтадан жоғарғы баға берді
Фото: Қайрат ФК

Белгілі польшалық скаут Яцек Кулиг “Қайраттың” жас шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың ойынына тәнті болып, оны Қазақстан тарихындағы ең талантты футболшылардың бірі деп атады.

“Ғажайып кезең. Қазақстан тарихындағы ең үлкен таланттардың бірі”, – деп жазды Кулиг әлеуметтік желілерде.

10 ақпанда “Қайрат” Сәтпаевтың “Челсиге” ауысуы бойынша келісім жасалғанын мәлімдеді. Алайда жас шабуылшы ағылшын клубына тек 2026 жылдың жазында, кәмелеттік жасқа толған соң ғана ресми түрде қосыла алады. Сол уақытқа дейін ол “Қайрат” сапында жалға берілу негізінде өнер көрсетеді.

2 наурызда Сәтпаев Премьер-лигада “Қайрат” үшін алғашқы ойынын өткізді, гол соғып, матчтың үздік ойыншысы атанды. 4 наурызда Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабы 16 жастағы шабуылшыны 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына арналған кеңейтілген құрамға қосты.

Осылайша, Сәтпаев жас болса да, өзінің кәсіби деңгейін дәлелдеп, Қазақстан мен Еуропадағы футбол мамандарының назарын аударуда.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie