Дарвин Нуньес «Әл-Хиләл» ойыншысы атанды. Уругвайлық шабуылшы араб клубында қанша табыс табады?
Сауд Арабиясының алпауыт клубы «Әл-Хиләл» уругвайлық шабуылшы Дарвин Нуньеспен келісімшартқа отырғанын ресми мәлімдеді. 26 жастағы футболшы төрт маусымнан кейін «Ливерпульден» кетіп, 53 млн еуро + сыйақы көлемінде бағаланған трансфер арқылы жаңа командасына қосылды.
Нуньес Англияға 2021 жылы «Бенфикадан» 85 млн еуроға ауысқан еді. Алайда ол «Ливерпульдің» негізгі құрамында тұрақты орын ала алмады. 2024/25 маусымында барлығы 47 матчқа қатысып, оның тек 17-сінде ғана негізгі құрамда ойнады, жалпы 7 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.
Сауд Арабиясына ауысу мерсисайдтық клубқа бұл жазда жасаған ауқымды шығындарын теңестіруге мүмкіндік береді. «Ливерпуль» трансферге 300 млн еуродан астам қаржы жұмсап, Флориан Вирцті (125 млн еуро), Хьюго Экитикені (95 млн), Милоc Керкесті (47 млн) және Жереми Фримпонгты (40 млн) қатарға қосты.