Дарвин Нуньес Аль-Хилальға ауысып, Неймармен жұп құруы мүмкін
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
"Ливерпуль" командасының уругвайлық шабуылшысы Дарвин Нуньес Еуропадан тыс жерде мансабын жалғастыруы мүмкін.
Anfield Watch басылымының хабарлауынша, Сауд Арабиясының "Аль-Хилаль" клубы 25 жастағы футболшыны сатып алуға қызығушылық танытып отыр. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша ойыншының нарықтық бағасы 65 миллион еуроны құрайды. Еске сала кетсек, "Аль-Хилаль" сапында атақты бразилиялық шабуылшы Неймар да ойнайды.
Биылғы маусымда Дарвин Нуньес бас бапкер Арне Слоттың жетекшілігімен алаңға 26 рет шығып, төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, 2022 жылдың жазында "Ливерпуль" шабуылшыны Лиссабонның "Бенфика" клубынан 85 миллион еуроға сатып алған болатын.