Чесноков Астанаға ауысады ма?
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
"Астана" футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян Vesti.kz сайтына берген сұхбатында ел чемпионы Ислам Чесноковқа деген қызығушылықтарын растады.
Қазіргі таңда Чесноков "Тобол" клубының ойыншысы және оның келісімшарты келесі жылдың соңына дейін жарамды.
"Чесноковқа деген қызығушылық бар, біз бұған дейін де оны байқап көрген едік. Ол өз ойын дәлелдеді және "Тобол" осындай үлкен клуб. Бірақ бұл жерде Исламның келісімшарты мен оның өз тілегі маңызды, мен естігенім бойынша ол Еуропа чемпионатына баруды қалайды. Қызықты футболшы, бірақ бәрі біздің қолымызда емес", — деді Бабаян.
Өткен маусымда 25 жастағы ойыншы Қазақстан чемпионатында "Тобол" үшін 21 матчта 10 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.