locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Чемпионшип. Плей-офф: «Сандерленд» «Ковентриден» жеңісті жұлып алып, финалға бір қадам жақындады

Футбол 09 мам 2025 17:18
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Чемпионшип. Плей-офф: «Сандерленд» «Ковентриден» жеңісті жұлып алып, финалға бір қадам жақындады
ФОТО: Getty images

Англия Чемпионшипінің плей-офф кезеңіндегі жартылай финалдың алғашқы матчында «Сандерленд» сырт алаңда «Ковентри Ситиді» 2:1 есебімен жеңіп, финал жолдамасына жақындады.

Тартысты өткен кездесуде есепті 68-минутта Изидор ашты. Арада екі минут өткенде алаң иелері сапынан Рудони таразы басын теңестірді. Алайда 88-минутта Маенда шешуші гол соғып, «қара мысықтарға» маңызды жеңіс сыйлады.

Чемпионшип. Плей-офф. Жартылай финал. Алғашқы матч
«Ковентри Сити»— «Сандерленд» — 1:2
Голдар: Рудони, 70 — Изидор, 68, Маенда, 88.

Енді екі команда арасындағы қарымта ойын 13 мамырда Сандерлендтің алаңында өтеді. Жеңімпаз финалда «Шеффилд Юнайтед» - «Бристоль Сити» жұбының мықтысымен кездеседі. Айта кетейік, алғашқы ойында «Шеффилд» 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Ковентри Сити» клубын әйгілі Фрэнк Лэмпард жаттықтырады. Маусым басында 17-орында тұрған команда бапкердің жетекшілігімен керемет серпіліс жасап, маусымды үздік бестік қатарында аяқтап, плей-оффқа жолдама алды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie