Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребесі. Онлайн көру. Live трансляция
УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребесі 28 тамызда Монакода өтеді. Бұл додаға алғаш рет өз тарихында алматылық «Қайрат» қатысады.
Рәсімнің басталуы Астана уақытымен 22:00-де жоспарланған. Тікелей трансляцияны УЕФА-ның ресми сайтынан көруге болады.
Өткен маусымдағыдай, жеребенің форматы өзгеріссіз қалады: 36 команда төрт себетке бөлінеді, ал топтардың құрамы автоматты жүйе арқылы анықталады. Бір елдің клубтары бір топқа түсе алмайды.
Топтық кезең матчтарының толық кестесі 30 тамыздан кешіктірілмей жарияланады. Сол кезде Алматыға қай еуропалық гранд келетінін және жергілікті стадионның Чемпиондар лигасы матчына алғаш рет куә болатынын жанкүйерлер біледі.
Еске салайық, «Қайрат» Шотландияның «Селтигін» пенальти сериясында (3:2) ұтып, негізгі кезеңге жолдама алды. Енді алматылықтардың қарсыластары арасында «Реал Мадрид», «Бавария», «Манчестер Сити» немесе «Барселона» секілді алып клубтар болуы мүмкін.