locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чемпиондар лигасы фильмдермен қатар ма? Белгілі стриминг платформасы турнир құқығы үшін таласады

Жаңа ережелер мұны мүмкін етеді
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Чемпиондар лигасы фильмдермен қатар ма? Белгілі стриминг платформасы турнир құқығы үшін таласады
ФОТО: Getty Images

2027-2028 маусымынан бастап УЕФА клубтық турнирлерінің, соның ішінде Чемпиондар лигасының трансляция құқықтарын тарату ережелері өзгереді. Бұл өзгерістер ауқымды стриминг платформаларын тартуға бағытталған, әрі олардың бірі қызығушылық танытып отыр.

The Times басылымының хабарлауынша, Қазақстанда да ұзақ уақыт жұмыс істеп келе жатқан ірі стриминг платформасы Netflix әр тур сайын Чемпиондар лигасының бір матчын көрсетуге ниет білдірді. Әзірге бұл платформа спорт әлемінде аса белсенділігімен танымал емес, оның ең үлкен жетістігі — Майк Тайсон мен Джейк Пол жекпе-жегін көрсету, бұл оқиғаны 65 миллион көрермен тамашалаған болатын.

Бұған дейін УЕФА президенті Александер Чеферин Чемпиондар лигасын реформалау бойынша Суперлига тарапымен келісім бар дегенге пікір білдірген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie