Чемпиондар лигасы. Фейеноорд Баварияны ойсырата жеңді, Арсенал, миландық клубтар және Селтик жеңіске жетті
2024/25 маусымдағы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің жетінші турындағы бес матч аяқталды. Ойындар бейсенбіге қараған түні, 23 қаңтарда өтті.
Нидерландтық Роттердамның “Фейеноорды” өз алаңында Мюнхеннің неміс “Бавариясын” ойсырата жеңді. Бірінші таймда нидерландтықтардың шабуылшысы Сантьяго Хименес дубль жасады: бір голды ойыннан, ал екіншісін үзіліс алдында пенальтиден соқты. Ал, матчтың соңында алаңға тыңнан қосылған Аяске Уэда есепті 3:0-ге жеткізді.
Ағылшындық “Арсенал” да Хорватияның Загребтік “Динамосының” қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Голдардың авторлары - Деклан Райс, Кай Хаверц және Мартин Эдегор.
Миландық екі клуб та бірдей 1:0 есебімен минималды жеңіске жетті: “Милан” өз алаңында Испаниялық “Жиронаны” жеңсе, “Интер”сырт алаңда Чехияның “Спартасын” жеңді.
Сондай-ақ, шотландтық “Селтик” өз алаңында Швейцарияның “Янг Бойз” командасын дәл сондай 1:0 есебімен тізе бүктірді.
Спорт әлеміндегі жарқын оқиғаларды біздің Sports24.kz Telegram-арнамыздан көріңіз!
Чемпиондар Лигасы 2024/25, негізгі кезең, 7-тур
23-қазан
Фейеноорд (Нидерлданд)- Бавария (Германия) - 3:0 (3:0)
Голдар: Хименес, 21, Хименес, 45+9 (пенальтиден) Уэда, 89.
Арсенал (Англия) - Динамо Загреб (Хорватия) - 3:0 (1:0)
Голдар: Райс, 2, Хаверц, 66, Эдегор, 90+1.
Милан (Италия) - Жирона (Испания) - 1:0 (1:0)
Гол: Леау, 37.
Спарта (Чехия) - Интер (Италия) - 0:1 (0:1)
Гол: Мартинес, 12.
Селтик (Шотландия) - Янг Бойз (Швейцария) - 1:0 (0:0)
Гол: Бенито, 88 (өз қақпасына).