«Челси» үшін жағымсыз жаңалық. Энцо Фернандес Аргентина құрамасының матчында жарақат алды
Жартылай қорғаушының тізесінде мәселе бар
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Челси» командасы үшін жағымсыз жаңалық Аргентина ұлттық құрамасының лагерінен келді.
«Зейнеткерлердің» негізгі жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес Венесуэлаға қарсы өткен жолдастық кездесуде жарақат алды.
24 жастағы футболшы Флоридада өткен Венесуэлаға қарсы жолдастық матчтың көп бөлігін алаңда өткізді. Ойын 1:0 есебімен аяқталды. Дегенмен, ол екінші таймда алмастырылды.
Матчтан кейін Аргентина футбол федерациясы Фернандестің оң тізесінде қабыну бар екенін хабарлады.
Осы маусымда Энцо клуб сапында 10 матч өткізіп, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, «Манчестер Ситидің» жұлдызы Эрлинг Холанд Норвегия құрамасында қатарынан екі пенальтиді соға алмады.