Бәсекелестерге еш мүмкіндік қалдырмады.«Фламенго» мерзімінен бұрын Бразилия чемпионы атанды
«Фламенго» Бразилия чемпионы атанды. Титул мерзімінен бұрын рәсімделді
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
«Фламенго» биылғы маусымдағы басымдылығын нақтылап, Бразилияның Серия A чемпионатын мерзімінен бұрын өз еншісіне жазды. 4 желтоқсанда Рио-де-Жанейродағы даңқты «Маракана» стадионында команда маусымдағы соңғы үй матчына шықты.
Алаң иелері «Сеара» клубын 1:0 есебімен ұтып, өздерінің басты қарсыластарын турнирлік қашықтықта толық артта қалдырды. Матчтың жалғыз әрі шешуші голын Самуэл Лино бірінші таймда соқты.
Серия A (Бразилия), 37-тур
«Фламенго» — «Сеара» — 1:0 (1:0)
Гол: Самуэл Лино, 37 (1:0).
Бұл жеңіс «Фламенго» үшін алтынның кілті болды: соңғы тур алдында команда 78 ұпай жинап отыр, ал ең жақын қуғындаушы «Палмейрас» бес ұпай қалып келеді және енді көшбасшыны қуып жете алмайды.