Бруну Фернандеш мансабын мадридтік клубта жалғастыруы мүмкін
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Испанияның «Реал» клубы португалиялық жартылай қорғаушы Бруну Фернандешке қызығушылық танытуда.
Мадридтік команда португалдық ойыншыны Лука Модричтің орнын басар кандидат ретінде қарастырып отыр, деп жазады Daily Star басылымы.
Ақпарат көзі бұл трансфердің құны 108 млн еуроны құрауы мүмкін екенін атап өтті.
30 жастағы жартылай қорғаушы «Манчестер Юнайтед» клубына 2020 жылы «Спортинг» сапынан 65 млн еуроға ауысып келген болатын.
Осы маусымда Фернандеш клуб сапында барлық турнирлерде 43 ойынға қатысып, 16 гол соғып, 15 голдық пас берген.
Анчелотти Мбаппені Роналдумен салыстыра отырып, оған жақсы тілек білдірді