locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бұрынғы «Тұран» қорғаушысы өзбекстандық клубқа ауысады

24 жастағы Одил Абдумажидов енді «Кызылкум» сапында өнер көрсетеді
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Бұрынғы «Тұран» қорғаушысы өзбекстандық клубқа ауысады
ФОТО: ФК «Туран»

Өзбекстандық қорғаушы Одил Абдумажидов мансабын туған елінде жалғастырады. Телеграмдағы «Новости футбола» арнасының мәліметінше, футболшы «Кызылкум» клубымен келісімге келген.

1 шілдеден бастап Абдумажидов еркін агент мәртебесіне ие болған. 2025 жылғы маусымның алғашқы бөлігін ол Қазақстанда өткізді – Туркестанның «Тұран» клубында барлық турнирлерде 14 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түскен жоқ.

Бұған дейін ол Өзбекстанда «Андижан», «Металлург», «Олимпик» және «Динамо» клубтарында ойнаған. Сонымен қатар, 2022 жылы Шымкенттің «Ордабасы» командасының жейдесін киген.

Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 400 мың еуроға бағалаған.

Андрей Ферапонтов «Тұранды» басқаруы мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie