locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бразилиялық Антони жол апатынан қаза тапты

Ол мотоциклмен сиырға соғылды
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Бразилиялық Антони жол апатынан қаза тапты
ФОТО: The Sun

20 жастағы Бразилияның «Пиауи» жастар командасының ойыншысы Антони Илано өз елінде орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды The Sun.

Басылымның мәліметінше, футболшы әкесінің туған күніне арналған кештен кейін, дүйсенбі күні таңертең, 20 қазан күні үйіне қайтып келе жатқан. Жолда ол мотоциклмен сиырға соқтығысқан.

Илано оқиға орнында жан тапсырды. Футболшы мен жануардың соқтығысуына байланысты тергеу жүргізілуде. Бразилиялық клубтар ойыншының отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Антони Илано өңірдің болашағынан үміт күттіретін футболшысы болып саналып, тұрақты түрде жастар командаларының матчтарына шақырылып жүрген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie