locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бұл – жай ғана бір «стан» емес». Британдық сарапшы «Қайрат» пен «Селтик» мүмкін болатын кездесуі жайлы

Роберт Грив шотландиялық клуб Қазақстан командасын елемейді деп ойламайды
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
«Бұл – жай ғана бір «стан» емес». Британдық сарапшы «Қайрат» пен «Селтик» мүмкін болатын кездесуі жайлы
ФОТО: ФК «Селтик»

The Scottish Sun басылымының футбол шолушысы Роберт Грив «Селтикке» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде қарсылас болуы мүмкін «Қайрат» туралы пікір білдірді. Алматы клубы алдымен үшінші іріктеуде Братиславаның «Слованынан» өтуі керек.

Гривтің ойынша, логистика тұрғысынан «Слован» — «Селтикке» ыңғайлы қарсылас. Алайда шотландиялықтар Қазақстанға келсе, оған жауапкершілікпен қарайтынына сенімді.

«Шын мәнінде, «Слован» — «Селтик» үшін тиімдірек қарсылас болар еді. Өйткені өткен маусымда олар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде кездесіп, шотландиялықтар сенімді түрде жеңіске жетті (5:1). Оның үстіне, Братиславаға жету әлдеқайда оңай – бұл уақыт белдеуі төрт сағатқа айырмашылығы бар Қазақстан емес. Климат та басқа.

Бірақ «Селтик» бұл елде бұрын болған. Олар «Астанамен» ойнаған. Сондықтан командада тәжірибе бар, ал кез келген «–стан» туралы стереотиптерге орын жоқ. Брендан Роджерс пен футболшылар «Қайратқа» лайықты құрметпен қарайды. Халқыңыз керемет, жанкүйерлер де Алматыға қуана ұшып келер еді», – деді Грив BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында.

Егер «Қайрат» «Слованнан» өте алса, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикпен» кездеседі. Алматылықтардың Словакия өкілімен алғашқы матчы 6 тамызда өтсе, қарымта ойын 12 тамызда Братислада болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie