«Бұл таңғажайып болады». «Барселона» президенті Майамидегі Ла Лига матчы туралы
«Барселона» президенті Жоан Лапорта алдағы Майамидегі «Вильярреалға» қарсы Ла Лига матчынан күткен үмітін бөлісті.
Лапорта клубтың АҚШ-тағы жанкүйерлерімен жүздесуді тағатсыздана күтіп отырғанын айтып, Ла Лигаға осы маңызды нарыққа жақындасуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.
«Біз АҚШ-тағы жанкүйерлерімізбен қайта жүздесуді асыға күтеміз және клубтың негізгі стратегиялық нарықтарының біріне жақындасуға мүмкіндік бергені үшін Ла Лигаға алғыс айтамыз. Біз бірнеше жыл бойы АҚШ-қа барып жүрміз және әрдайым «Барселонаға» деген құштарлықты сезінеміз», — деді Лапорта.
«Барселона» мен «Вильярреал» арасындағы матч 2025 жылдың 20 желтоқсанында Майамидегі Hard Rock стадионында өтеді. Бұл аренаның сыйымдылығы шамамен 65 мың жанкүйерді құрайды.