Бұл шабуылшыны тоқтату мүмкін емес. Самородов тағы да Ахмат сапында гол соқты
Футбол
Павлив Никита
Фото: KazFootball.com
27 қарашада 22 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Максим Самородов Ресей кубогының ширек финалында "Зенитке" қарсы ойында тағы бір голымен көзге түсті.
Самородовтың әдемі голының бейнежазбасын біздің Telegram-арнамыздан көруге болады.
Матчтың басында "Зенит" шабуылшысы Лусиано Гонду есеп ашып. Екінші таймда санкт-петербургтік команда есепті еселеп, 2:0-ге жеткізді. Алайда ойын соңында Қазақстан құрамасының көшбасшысы есепті қысқартты. "Ахмат" ойын соңына дейін есепті теңестірелі алмады.
Самородов дебюттік голын соққан матчта "Ахмат" РПЛ аясында "Крылья Советовқа" да жеңілген болатын.