Бұл – оның жүлдесі! Матвей Сафонов ФИФА-ның Интерконтиненталдық кубогы финалында төрт пенальти қайтарды
Ресейлік қақпашы «Фламенгоға» қарсы матчтың басты қаһарманы болды
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Ресейлік қақпашы Матвей Сафонов «Фламенгоға» қарсы ФИФА-ның Интерконтиненталдық кубогы финалында матчтың басты қаһарманы атанды.
Ресейлік голкипер финалдағы матчтан кейінгі пенальти сериясында төрт соққыны қайтарып, керемет өнер көрсетті.
Сафонов француз клубындағы бесінші жүлдесіне қол жеткізді. Сонымен қатар, Матвей ФИФА-ның Интерконтиненталдық кубогы финалының үздік ойыншысы деп танылды.
26 жастағы қақпашы 2024 жылдан бері ПСЖ сапында ойнайды. Биылғы маусымда Сафонов барлық турнирде төрт ойын өткізді.
Айта кетейік, 2024 жылы ФИФА-ның Интерконтиненталдық кубогының жеңімпазы Мадридтің «Реалы» атанып, мексикалық «Пачуканы» тізе бүктірген болатын.