locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бұл – біз күткен ойын емес». Флик «Барселонаның» ЧЛ матчынан кейін пікір білдірді

Флик «Брюггемен» тең ойыннан кейін
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Бұл – біз күткен ойын емес». Флик «Барселонаның» ЧЛ матчынан кейін пікір білдірді
ФОТО: Getty images

«Барселона» бас бапкері Ханси Флик ЧЛ-ның 4-турында «Брюггемен» өткен матчтан кейін команданың ойынына баға берді. Кездесу 3:3 есебімен аяқталды.

Фликтың айтуынша, каталондықтар бұл ойында өздерінің әдеттегі қарқынын көрсете алмады.

«Ойын қиын өтті. Біз жеткілікті түрде прессинг жасай алмадық, орталықта көп доп жоғалттық және көптеген жекпе-жектерде ұтылдық. Қорғанысты орталық аймақтан бастап күшейтуіміз керек. Интенсивтілік болмаған жерде шабуыл да болмайды», – деді ол УЕФА баспасөз қызметіне.

Сонымен қатар бапкер команда мінез танытқанын атап өтті.

«Нәтиже біз күткендей емес. Бірақ біз есепті теңестіре алдық. Бұл да маңызды сәт».

Төрт турдан кейін «Барселона» жалпы кезеңнің турнирлік кестесінде 7 ұпаймен 11-орында.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie