Бұл ақыры болды! Погба 2023 жылдан бері алғаш рет алаңға шықты
Поль Погба екі жыл дисквалификациядан кейін алғаш рет алаңға шықты.
«Монаконың» жартылай қорғаушысы Франция Лига 1 аясында «Реннге» қарсы кездесуде ойынға араласты. Ол 85-минутта, есеп 1:3 қарсыластың пайдасына болғанда, алмастырылды.
Бұл Погбаның екі жылдан аса уақыттағы алғашқы ресми матчы болды. Бұған дейін француз жартылай қорғаушысы соңғы рет 2023 жылдың 2 қыркүйегінде алаңға шыққан еді.
Тәжірибелі француз хавбекі осы жазда «Ювентуспен» келісімшарты аяқталған соң, еркін агент ретінде «Монакоға» қосылған. Алайда жарақаттар оған клубтағы дебютін жасауға кедергі болды.
Айта кетейік, Погбаның алаңға шығуы командасына көмектесе алмады. «Монако» 1:4 есебімен ойсырай жеңілді. Монегасктар 13 турдан кейін 20 ұпаймен Лига 1-де сегізінші орында тұр.