«Біз келесі кезеңге өтеміз» — «Олимпия» бапкері матч алдындағы пікірін білдірді
Словенияның «Олимпия» командасының бас бапкері Хорхе Симау Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Қайратқа» қарсы өтетін жауапты ойын алдындағы пікірін білдірді.
«Менің ойымша, «Қайрат» жауапты ойынға басқаша дайындалады. Бұл бізге де өз жоспармызды өзгерту қажет екенін білдіреді. Қарсыластың ойыны сапалы, бірақ біз оны бейтараптандыруға дайын болуымыз керек. Жауапты матчтың ырғағы алғашқы кездесуден мүлде өзгеше болары анық. Қай команда өтетіні әлі белгісіз, бірақ мен өз командама сенемін — біз келесі кезеңге өтеміз», — деді Симау матч алдында, деп хабарлайды RTV Slovenia.
Алғашқы матч Люблянада 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. ҚарымтаАнтон Крачковский «Қайраттың» келесі кезеңге өтетініне сенімді кездесу 15 шілдеде Алматыда өтеді.
Антон Крачковский «Қайраттың» келесі кезеңге өтетініне сенімді.