Бір-біріне сый беріп жатыр ма? Атлетико Реалдан қалмай қызыл қағаз алды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Бүгін, 15 ақпанда Ла Лиганың 24-ші турының “Атлетико Мадрид” пен “Сельта Виго” арасындағы ойыны өтуде.
Матчтың 5-ші минутында “матрасшылар” жартылай қорғаушысы Пабло Барриос ережені өрескел бұзғаны үшін тікелей қызыл қағаз алды. Айта кету керек, бастапқыда бас төреші сары қағаз көрсеткенімен, эпизодтың қайталауын көргеннен кейін ол ойыншыны алаңнан қууды ұйғарды. Осылайша, “Атлетико” матчты бір адамсыз жалғастыруға мәжбүр.
Еске салайық, бүгін “Реал Мадрид” “Осасуна” командасына қарсы ойында (1:1) 10 ойыншымен қалып кетті. Матчтың 39-шы минутында Джуд Беллингем төрешіні балағаттағаны үшін қызыл қағаз алды. “Бланкос” ұпай жоғалтып, “Атлетикоға” Ла Лигада бірінші орынға көтерілу мүмкіндігін берді.