locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бетис» – «Барселона». Ла Лиганы 15-турының басты матчының фавориті анықталды

Севильялық клуб каталондықтардың жеңісті сериясын тоқтата ала ма?
Футбол
Серик Амирбек
Серик Амирбек
Редактор
«Бетис» – «Барселона». Ла Лиганы 15-турының басты матчының фавориті анықталды
ФОТО: Getty Images

6 желтоқсан, сенбі күні Испания чемпионатының 15-тур аясында «Бетис» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды.

Бастауыш ысқырық Астана уақытымен 22:30-да беріледі. Қарсыластарға төрелік ететін арбитр — Алехандро Эрнандес.

Каталондықтар Ла Лигада қатарынан бес жеңіске жетіп, Opta суперкомпьютерінің болжамы бойынша, бұл сәттілік жалғасын табады. Қонақтардың жеңіске жету ықтималдығы – 50,3%, алаң иелері – 26,8%. Тең ойын мүмкіндігі – 22,9%.

Өткен маусымда бұл ұжымдар үш рет жолыққан: Ла Лигадағы екі матч та тең аяқталды (2:2, 1:1), ал Испания кубогының 1/8 финалында каталондықтар севильялықтарды 5:1 есебімен тас-талқан еткен болатын.

«Бетис» – «Барселона». Көрсетілімді онлайн қарау.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie