locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бетис» Антониді толықтай сатып алғысы келеді, бірақ бағасы көңілден шықпай отыр

Испан клубы «Манчестер Юнайтедпен» келіссөзде бағаны төмендетуге және футболшыны жалақысын азайтуға көндіруге тырысуда
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
«Бетис» Антониді толықтай сатып алғысы келеді, бірақ бағасы көңілден шықпай отыр
ФОТО: Getty Images

Испаниялық «Бетис» «Манчестер Юнайтед» командасының вингері Антониді сатып алуға ниетті, деп хабарлайды Sport.es. Дегенмен севильялық клуб мәмілені кейінге қалдырып отыр — олар ойыншының бағасын төмендетуге үміттенеді.

Ағылшындық клуб Антони үшін кемінде 40 миллион еуро сұрап отыр. Бұл сома — ойыншыны «Аякс» клубынан алған кезде кеткен шығынның бір бөлігін қайтаруға бағытталған. «Бетис» бұл төлемді екі маусымға бөліп төлеуді көздейді: 2025/26 және 2026/27 жылдары.

Сондай-ақ, футболшының өзі де жалақысын 30 пайызға қысқартуға мәжбүр болады. Манчестерде 8 миллион еуро алса, Испанияда ол жылына 5-6 миллион еуроға келісуі тиіс.

Антони өткен маусымның екінші жартысын «Бетис» сапында арендада өткізіп, 17 матчта бес гол соғып, екі нәтижелі пас берген болатын.

Иско - Конференция лигасының 2024\/25 маусымындағы үздік ойыншысы.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie