«Бенфика» өз түлегін қайтарғысы келеді
Лиссабондық клуб Жоау Феликсті трансферлеу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр
Футбол
Темірбеков Самрат
Журналист
Instagram: joaofelix79
Инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, «Бенфика» Жоау Феликсті қайтару үшін белсенді жұмыс жүргізуде. Клуб ойыншының агенті Жорже Мендешпен келіссөздерді бастап кетті. Ал Феликстің өзі туған клубына оралуға мүдделі.
Португалиялық команда өткен маусымды жалға алу шартымен италиялық «Милан» сапында өткізген Феликсті қатарға қосуды көздейді. Алайда трансфердің тағдыры «Челсидің» ұсынатын шарттарына байланысты болады.
2024/25 маусымында Жоау Феликс «Милан» құрамында арендада өнер көрсетіп, барлық турнирлерде 21 матч өткізіп, 3 гол соқты.