locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Беллингем жарақаты жайлы: ауырсыну азайды, бірақ операция бәрібір болады

Ағылшын жартылай қорғаушысы КЧМ-нен кейін ота жасататынын мәлімдеді
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Беллингем жарақаты жайлы: ауырсыну азайды, бірақ операция бәрібір болады
ФОТО: Getty Images

Мадридтің «Реалы» мен Англия құрамасының орталық жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем клубтық әлем чемпионаты аяқталған соң жарақат алған иығына ота жасататынын айтты. Футболшы 2023 жылдан бері ауырсынумен ойнап жүргенін мойындады.

«Қазір бәрі жаман емес, ауырсыну қатты емес. Ота турнирден кейін бірнеше күннен соң жасалады. Мен бұған қуаныштымын. Бұл шешім көптен бері қабылдануы тиіс еді. Корсет киіп ойнау мүмкін болмай қалды. Енді мен дайынмын – операция қажет», – деді Беллингем ESPN басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Джуд Беллингем 2023 жылы дортмундтық «Боруссиядан» «Реалға» ауысты. Бұған дейін ол өз карьерасын Англияның «Бирмингем» клубында бастаған.

Арда Пачукаға қарсы ойында Винисиустың жетістігін басып озды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie