locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бельгиядағы масқарадан кейін. Қазақстанның экс-бас бапкері «Жеңістің» тізгінін ұстауға жақын

«Жеңіс» Демченко кеткеннен кейін жаңа дәуірге қадам басқалы тұр
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Бельгиядағы масқарадан кейін. Қазақстанның экс-бас бапкері «Жеңістің» тізгінін ұстауға жақын
ФОТО: KFF

Астананың «Жеңісі» бас бапкерлік деңгейде үлкен өзгеріс алдында. AmanVIBE таратқан дерекке сүйенсек, клуб алдағы күндері жаңа бас жаттықтырушыны - Әли Әлиевті ресми түрде таныстырмақ. Шешім қабылданып қойған, қажетті құжаттар ресімделіп жатыр, яғни команданың тізгінін ұстайтын жаңа маман іс жүзінде анықталды.

Сонымен бірге, маусымның екінші бөлігінде команданы басқарған украиналық маман Андрей Демченко Астанадан кеткені белгілі болды.

Демченконың тұсында «Жеңіс» өз тарихындағы ең жарқын сериялардың бірін көрсетті: 10 матч қатарынан жеңілмей, «Елімайды» (2:1), «Ақтөбені» (2:0), «Астананы» (3:2) тізе бүктіріп, чемпионатты алтыншы орынмен аяқтады.

Алайда клубтың меншік иесі ауысқан соң - командаға Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе келгеннен кейін - даму бағыты қайта қаралды. Жаңа жобаның бет-бейнесі ретінде Әлиев таңдалған сияқты.

Айта кетейік, «Жеңіске» келмей тұрып Әли Әлиев еліміздің бас командасын басқарған еді. Ол Қазақстан құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде басқарды. Бес матчтың қорытындысында команда тек бір ғана жеңіске қол жеткізді - Лихтенштейнге қарсы ойында (2:0). Ал Брюссельдегі ауыр жеңілістен (Бельгия - 0:6) кейін Әлиев ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie