locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бельгия бапкері: Қазақстан Уэльстен жеңілуге лайық болмады

Руди Гарсия Қазақстан құрамасының ойынын олардың өзара кездесуіне дейін бағалады
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Бельгия бапкері: Қазақстан Уэльстен жеңілуге лайық болмады
ФОТО: Getty images

Бельгия құрамасының бас бапкері Руди Гарсия Қазақстан ұлттық құрамасына қарсы алдағы матч туралы пікір білдірді.

«Біз де Қазақстанды жеңуді қалаймыз. Қазақстандықтар Уэльстен жеңілуге лайық болмады, бірақ өз алаңымызда ойынды толық бақылауда ұстауымыз керек. Дәл Лихтенштейнге қарсы ойында көрсеткеніміздей: қарқын, тиімділік. Басты құрама өзгереді. Мүмкін, бұл дұрыс шешім, себебі мен риза болдым. Бірақ ойын уақыты, өзара толықтыру, кейбір сәттерді тексеруді де ескерген жөн... Біз алаңға мүмкіндігінше мықты құрамды шығарамыз», — деп келтіреді Гарсияның сөзін бельгиялық Nieuwsblad басылымы.

Өз командасының құрамына тоқталған Гарсия Лихтенштейнге қарсы дайындық кезінде жарақат алған Хоакин, сондай-ақ Сейс пен Пендерс қоспағанда, барлық ойыншылар сапта екенін айтты.

Бұған дейін Бельгия құрамасының көшбасшысы Кевин Де Брюйне де 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанға қарсы матчқа өз үмітін білдірген болатын.

Бельгия – Қазақстан кездесуі 7 қыркүйекте Брюссельде өтеді. Ойын басталуы — Астана уақытымен 23:45. Қазір төрт турдан кейін Қазақстанның еншісінде 3 ұпай, олар J тобында 4-орында. Бельгия үш матчтан кейін 7 ұпай жинаған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie