locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бельгия – Қазақстан матчының төрешілері тағайындалды: Брюссельде кім төрелік етеді

Румыниялық арбитр Раду Петреску бастаған қазылар алқасы 2026 жылғы ӘЧ іріктеу ойынын өткізеді
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Бельгия – Қазақстан матчының төрешілері тағайындалды: Брюссельде кім төрелік етеді
ФОТО: ҚФФ

УЕФА 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бельгия мен Қазақстан құрамалары арасындағы алдағы кездесуге төрелік ететін қазылар бригадасын жариялады.

Ойын 7-нен 8 қыркүйекке қараған түні Брюссельде өтеді.

Бас төреші қызметін румындық Раду Петреску атқарады. Оған көмекші ретінде Раду Гингуляк пен Мирча Григориу жұмыс істейді. Төртінші қазы — Андрей Кивулете.

Даулы сәттерді бейнеқайталау жүйесі (VAR) арқылы тексеру міндеті Кэтэлин Попа мен Марчел Бирсанға жүктелді.

Аталған кезеңде Қазақстан құрамасы төрт ойында үш ұпай жинады. Ал Бельгия бір матчты кем өткізіп, жеті ұпайға ие болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie