Белгілі испандық бапкер «Қайратқа» қызығушылық танытуда
Беларусь және «Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко алматылықтардың бұрынғы бас бапкері, қазіргі Беларусь құрамасының тізгінін ұстаған испандық Карлос Алос туралы қызықты мәліметтермен бөлісті.
— «Қайратта» Карлос Алосты әлі ұмыта қойған жоқ па?
— Иә, клубта оның жағдайын сұрап тұрады. Тіпті Кайрат Боранбаев та менен Алостың хал-жағдайын білгісі келді. Өзінің өзі де «Қайраттың» жағдайына үнемі қызығушылық танытып, сұрап тұрады, – деді Громыко Football.by порталына берген сұхбатында.
Алос 2017-2018 жылдары алматылық команданың бас бапкері болған. Оның жетекшілігімен «Қайрат» 2017 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алды.
Бұған дейін ол Қазақстан жастар құрамасы U-19-ды да жаттықтырған. 2023 жылдың тамызында Беларусь құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.