locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бейне. Месси «Интер Майами» сапында бір матчта екі рекорд орнатты

Аргентиналық футболшы клубқа алғаш рет Кампеонес кубогын жеңіп алуға көмектесіп, 100-голын соқты
ФОТО: Getty Images

Лионель Месси «Интер Майами» сапындағы бір матчта бірден екі маңызды жетістікке қол жеткізді. Аргентиналық футболшы америкалық клубтағы 100-голын соқты, ал оның командасы тарихында тұңғыш рет Кампеонес кубогын иеленді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Финалдық матчта «Интер Майами» мексикалық «Крус Асульді» 2:0 есебімен жеңді. Месси 24-минутта Луис Суарестің пасынан кейін баспен соққы жасап, есеп ашты. Бұл гол аргентиналық футболшының «Интер Майами» сапындағы барлық турнирлердегі 100-голы болды. Клубтың мәліметінше, ол бұл межеге 115 матчта жеткен.

Сонымен қатар, Месси барлық турнирлерде бір клуб сапында 100 гол соққан MLS тарихындағы ең жылдам ойыншы атанды. Бұл туралы журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады. Алайда Романо 114 матч көрсеткішін келтірсе, ресми «Интер Майами» 115 ойын болғанын есептеді.

«Крус Асульді» жеңу «Интер Майамиге» клуб тарихындағы алғашқы Кампеонес кубогы титулын сыйлады. Бұған дейін Месси бастаған команда Leagues Cup-2023, Supporters' Shield-2024 және MLS Cup-2025 турнирлерінде жеңіске жеткен.

Осылайша, Месси бір матчта «Интер Майами» сапындағы 100-гол межесіне жетіп, клубқа жаңа трофей иеленуге көмектесті.

Кампеонес кубогы (Campeones Cup) — жыл сайын өтетін бір матчтық футбол турнирі. Онда АҚШ-тың MLS лигасының қазіргі чемпионы мен Мексиканың Liga MX лигасындағы «Чемпиондар чемпионы» жүлдесінің иегері арасында суперкубок сарапқа салынады.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie