«Баварияның» тағы бір қорғаушысы қатардан шықты
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Жапония ұлттық құрамасы мен «Бавария» клубының қорғаушысы Хироки Ито жарақата алып қалды.
«Бавария» 25 жастағы қорғаушысы «Санкт-Паулиге» қарсы матчта табан сүйегін сындырып алыпты. Осыған байланысты маусым соңына дейін ойнай алмайды.
Жапониялық қорғаушы «Бавария» сапына 2024 жылы «Штутгарттан» 23 млн еуроға ауысып келген еді. Осы жылғы алғашқы маусымында мюнхендік клуб сапында барлығы сегіз ғана матчқа қатысып, бір гол соққан.
Бұған дейін мюнхендік клуб сапынан Дайо Упамекано мен Альфонсо Дэвис ұзақ мерзімге қатардан шығып қалған еді.
«Баварияның» қорғаушысы Альфонсо Дэвис Канада ұлттық құрамасында ойнап жүріп ауыр жарақат алған еді. Сондықтан мюнхендік клуб ФИФА-дан өтемақы алады