«Бавария» үшін тиімді тең ойын. «Боруссия Дортмунд» пен «Лейпциг» мықтыны анықтай алмады
«Боруссия Дортмунд» алты турдың басты ойынында «Лейпцигті» өз алаңында қабылдады.
Екі команда да турнирлік кестенің алғашқы үштігінде орналасқан және жеңіске жетіп, «Бавариядан» алшақ кетуді көздеді. Алайда бұл мақсатына жете алмады.
Бірінші таймда командалар бір-біріне голмен жауап қайтарды. Кристоф Баумгартнердің дәл соққысына «аралар» Ян Коутудың голымен жауап берді.
Екінші таймда екі жақ та қақпаларға жиі қауіп төндіргенімен, өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады.
Осылайша, командалар турнир кестесінде өз орындарын сақтап қалды: «Боруссия» 14 ұпаймен екінші, «Лейпциг» 13 ұпаймен үшінші орында. Егер «Бавария» жеңіске жетсе, ең жақын қарсыласынан төрт ұпайға озып кете алады.
Бундеслига, 6-тур
«Боруссия Дортмунд» – «Лейпциг» – 1:1
Голдар: Коуту, 23 – Баумгартнер, 7