«Бавария» чемпиондықты Кейнге қалдырды
3 мамыр күні Бундеслиганың 32-туры аясында «Бавария» мен «РБ Лейпциг» арасында тартысты матч өтті. Ойын 3:3 есебімен тең аяқталды. Турнирдің үздік сұрмергені Харри Кейн бұл кездесуге қатысқан жоқ.
Алаң иелері алғашқы таймда жақсы бастады — Беньямин Шешко мен Лукас Клостерманның голдарының арқасында «Лейпциг» үзіліске 2:0 есебімен алда шықты. Алайда екінші таймда мюнхендіктер есепті теңестірді: Эрик Дайер мен Майкл Олисе бір минут ішінде екі гол соғып, артынша Лерой Сане «Баварияны» алға шығарды.
Жеңіс «Баварияға» мерзімінен бұрын чемпиондықты қамтамасыз етер еді, бірақ соңғы секундтарда Юссуф Поульсен таразы басын теңестіріп, матчты 3:3 есебімен аяқтады.
Осы нәтижеден кейін «Бавария» 76 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында қалды. «РБ Лейпциг» 70 ұпаймен бесінші орында тұр және Еуропа лигасы аймағында келеді.
Бундеслига, 3 мамыр
«РБ Лейпциг» – «Бавария» – 3:3
Голдар: Шешко,11, Клостерман, 39 ,Поульсен, 90+5 - Дайер, 62, Олисе , 63, Сане , 83.
