Бақтиерді не күтіп тұр? Зайнутдинов Сульшердің «қара тізіміне» енді
Осы жазда қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін түркиялық «Бешікташта» кадрлық төңкеріс болады, деп хабарлайды Fotomac.
Дереккөздің хабарлауынша, команданың бас бапкері Уле Гуннар Сульшер өз үмітін ақтамаған 10 ойыншыдан тұратын «қара тізімді» жасаған. Клуб басшылығы бұл ойыншылармен қоштасудың шешімін табу үшін кездесуге ниетті.
Сульшердің «қара тізіміне» Бақтиер Зайнутдиновтың да енгізілгені атап өтілді. Сонымен қатар, тізімге қақпашы Эрсин Дестаноглу, қорғаушылар Онур Булут пен Йонас Свенссон, жартылай қорғаушылар Алекс Окслейд-Чемберлен, Амир Хаджиахметович пен Салих Учан, сондай-ақ шабуылшылар Семих Кылычсой, Мұстафа Хекимоглу және Чиро Иммобиле кірді.
Осы маусымда Зайнутдинов барлық турнирлерде клубтық деңгейде 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Оның түрік клубымен келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жарамды.