Бақтиер Зайнутдинов: «Жексенбідегі ойынды асыға күтіп жүрмін»
Экс-ойыншы бұрынғы клубына қарсы алаңға шығады
Футбол
Темірбеков Самрат
Журналист
ФОТО: Instagram:bateka_11
Мәскеулік «Динамо» және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында ЦСКА-ға қарсы өтетін маңызды матч алдындағы сезімдерімен бөлісті.
— Ішімде бір ерекше шабыт бар, ойынды шынымен асыға күтіп жүрмін. Бұл мен үшін аса бір принципиалды кездесу деп айта алмаймын, бірақ бізге ұпай жинап, турнирлік кестедегі жағдайды жақсарту маңызды, — деді Зайнутдинов.
Ол сонымен қатар «Динамодағы» бейімделуі, Түркия чемпионатында өткізген екі маусымы және бұрынғы клубына қарсы алдағы кездесуге дайындығы туралы ой бөлісті.