locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бақтиер Зайнутдинов: «Жаңа маусымға дайынмын» - жартылай қорғаушы жарақатынан толық айығып келеді

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Бақтиер Зайнутдинов: «Жаңа маусымға дайынмын» - жартылай қорғаушы жарақатынан толық айығып келеді
ФОТО: bateka_11 инстаграм парақшасынан

Түркиялық «Бешікташ» клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов тізе асты сіңір жарақатынан кейін қалпына келу процесінің аяқталғанын мәлімдеді.

«Қалпына келу кезеңі аяқталуға жақын. Жаңа маусымға дайындықты бастаймыз», – деп жазды футболшы өз әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Зайнутдинов 2025 жылдың қаңтар айында жарақат алып, сол уақыттан бері төрт айдан астам уақыт бойы алаңға шыққан жоқ. 2024/25 жылғы маусымда ол «Бешікташ» сапында барлық турнирде 12 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берген болатын.

Енді ол толық дайындықпен жаңа маусымды бастауды көздеп отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie