locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Басты жұлдыздар: Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үздік ойыншылар

Футбол
Сергей Завалко
Сергей Завалко
Басты жұлдыздар: Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үздік ойыншылар
ФОТО: Getty Images

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі өз мәресіне жетті. Жаңа формат туралы пікірлер әртүрлі, бірақ бір нәрсе айқын: турнир көрермендерге бұрын-соңды болмаған тартыс пен драмалық сәттер сыйлады. Мадридтік “Реал” мен “Манчестер Сити” секілді алыптардың плей-оффтың алғашқы кезеңінде-ақ жарысты аяқтайтынын кім болжады дейсіз? Дегенмен, жаңа форматтың тиімділігін уақыт көрсетеді, ал әзірге жалпы кезеңде жұлдыздай жарқыраған ойыншыларды атап өтейік.

Қақпашы

Бұл позицияда ешқандай күмән жоқ – Ян Зоммер айқын фаворит. “Интердің” сенімді қақпашысы еуромаусымның алғашқы кезеңінде ғаламат өнер көрсетті. 8 матчта бар болғаны 1 гол жіберді – бұл жалпы кезеңдегі барлық қақпашылар арасындағы ең үздік көрсеткіш.

Оның сейвтерінің 95%-ы сәтті орындалды және бұл сан көрсеткіші бойынша оған әріптестерінің ешқайсысы жете алмады. Жалғыз голды ол “Байермен” өткен ойында жіберіп алды, және бұл “Интердің” ЧЛ-дағы үшін жалғыз жеңілісі. 36 жастағы ардагер қақпашының командасының үздік төрттікке кіруіндегі үлесі өлшеусіз.

Қорғаушылар

Қорғаныстың тірегі атануға Вирджил ван Дейк әбден лайық. Голландиялық ойыншының шеберлігі арқасында “Ливерпуль” 8 матчта бар-жоғы 5 гол жіберді. Бұл көрсеткіш бойынша “қызылдар” тек “Интер” (1 гол) және “Арсеналдан” (3 гол) кейінгі орында. Жасы ұлғайса да, Ван Дейк қорғаныста айнымас сенімділіктің үлгісін көрсетіп келеді.

Тағы бір ерекше ойыншы – Джонатан Та. “Баварияға” ауысу мүмкіндігі жүзеге аспағанына қарамастан, 28 жастағы неміс қорғаушысы тұрақты әрі жоғары деңгейде өнер көрсетуде.

Фулбектерге келетін болсақ, оң қапталдағы үздік ойыншылардың бірі – Ашраф Хакими. Марокколық қорғаушы алаңның екі жағында да бірдей сенімді ойнайды. Ол Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде командасына 56 рет допты қайтарып берді және бұл көрсеткіш бойынша барлық ойыншылардың арасында көш бастап тұр. Сонымен қатар, шабуылға да үлес қосып, 1 гол мен 3 нәтижелі пас авторы атанды.

ФОТО: Getty Images

Оған қоса, 26 жастағы қорғаушы 21 қауіпті сәт жасап, бұл көрсеткіш бойынша барлық қорғаушылардың арасында бірінші орында тұр. Осы тұрғыда “Интердің” сол қапталдағы қорғаушысы Федерико Димарко да көзге түсті. Өз позициясына сай қорғаныста сенімді ойнаумен қатар, 27 жастағы фулбек 13 қауіпті шабуыл ұйымдастырды, бұл да өте жоғары нәтиже.

Жартылай қорғаушылар

Соңғы бірнеше жылда “Ливерпуль” үшін тірек аймағы ең үлкен мәселелердің бірі болды. Бұл Юрген Клопптың бас ауруына айналды, өйткені “қызылдар” қалаған тірек жартылай қорғаушыларын ала алмады, ал олардың орнына тек Ватару Эндоны қосуға мәжбүр болды. Жазда Мартин Субименди де “мерсисайдтық” клубқа ауысудан бас тартты, бұл жағдайды одан әрі күрделендіргендей көрінді. Алайда, Арне Слот бұл мәселеге шешім тауып, Райан Гравенберхке сенім артты. “Баварияда” көп мүмкіндік ала алмаған, ал Клопптың кезінде орташа есеппен ойынға 43 минуттан ғана қатысқан голландиялық жартылай қорғаушы Слоттың жетекшілігімен 22 жасында ортаңғы алаңда сенімді ойнайтын футболшыға айналды. Ол қорғанысқа да айтарлықтай көмек көрсетіп келеді.

Жас жартылай қорғаушылар арасында Жоау Невеш те ерекше көзге түсуде. Өткен жазда ПСЖ “Бенфикадан” оны 60 миллион еуроға сатып алды. Алғашында бұл сома тым жоғары көрінгенімен, маусым барысында португалиялық ойыншы өз бағасына лайық екенін дәлелдеуде. Луис Энрике жас таланттармен жұмыс істегенді жақсы көреді, ал Невеш оған мінсіз үйлесті. 20 жастағы жартылай қорғаушы алаңда белсенді, жекпе-жектерді жиі жеңіп, командасына допты қайтара алады, тіпті оның физикалық өлшемдері аса ірі болмаса да. Сонымен қатар, ол нәтижелі ойындарымен де ерекшеленіп жүр.

Сонымен қатар, “Байердің” жартылай қорғаушысы Флориан Вирцті де атап өткен жөн. Ол командасы үшін пайдалы ойнап қана қоймай, керемет статистика жинауда. Чемпиондар лигасының осы маусымында 21 жастағы жартылай қорғаушы 6 гол соқты, бұл өте жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар, ол 25 қауіпті шабуыл ұйымдастырып, бұл көрсеткіш бойынша барлық ойыншылардың ішінде көш бастап тұр. Бірақ бұл ғана емес. Вирц Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде 5 рет матчтың үздік ойыншысы атанды, бұл да турнирге қатысқан барлық футболшылар арасындағы ең жоғары нәтиже.

Шабуылшылар

Дортмундтық “Боруссия” Бундеслигада сәтсіз маусым өткізіп жатса да, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. “Аралардың” бұл жетістігінде шабуылшы Серу Гирассидің рөлі зор болды. Ол ЧЛ-ның жалпы кезеңінде 8 ойында 9 гол соқты. Гвинеялық футболшының жарқын өнері қазіргі маусымда неміс клубы үшін санаулы оң сәттердің бірі болып отыр. Қызығы, 28 жастағы шабуылшы дәл Чемпиондар лигасында ерекше нәтижелі ойнап жүр. Ол орта есеппен әр 51 минут сайын гол немесе нәтижелі паспен көзге түсуде. “Боруссия” оны ”Штутгарттан” небәрі 18 миллион еуроға сатып алғанын ескерсек, бұл нағыз олжа болды.

Роберт Левандовски Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде Гирассимен бірге үздік сұрмерген атанып отыр. Екеуінде де 9 голдан ба, дегенмен “Боруссия” форварды 2 нәтижелі пас берген. Ханс-Дитер Флик “Барселона” тізгінін қолға алғалы бері поляк шабуылшысы қайтадан голдарын қарша бората бастады. Ал жазда испан басылымдары оны Сауд Арабиясына кетуі мүмкін деген қауесетті жиі таратқан еді. Қызығы, 36 жастағы Левандовски тек Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені атануға ғана емес, Ла Лигадағы сұрмергендік жарыста да көшбасшы болуға жақын. Қазіргі таңда ол “Реалдың” басты жұлдызы әрі бүкіл Испания чемпионатының фавориті саналатын Килиан Мбаппені басып озуда.

“Барселона” туралы айтқанда, Рафиньяны да ерекше атап өту керек. Бразилиялық вингер каталондық клубта қиын кезеңдерді бастан өткерді, бірақ Флик келгеннен кейін ол қайта жанданып, мансабындағы ең үздік маусымдардың бірін өткізіп жатыр. Бұрынғыдай сенімсіз ойнаған футболшыдан енді нағыз көшбасшыға айналған 28 жастағы ойыншы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде Левандовски мен Гирассиден небәрі 1 голға ғана кем соқты. Сонымен қатар, “гол+пас” жүйесі бойынша ол ЧЛ-да ең нәтижелі ойыншы атанып, 12 (гол+ассист) ұпай жинады. Егер Рафинья дәл осы қарқынын сақтаса, “Барселона” оның ойын деңгейінің ең жоғары кезеңін барынша тиімді пайдалануға тиіс.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie