locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Басты әндер қайта шырқалады. Хаби Алонсо Флориан Вирцті армандайды

Бапкер бұрынғы шәкіртімен қайта қауышуды қалайды
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Басты әндер қайта шырқалады. Хаби Алонсо Флориан Вирцті армандайды
ФОТО: Getty Images

Флориан Вирц – Хаби Алонсоның «Реалдағы» басты трансферлік мақсаттарының бірі болып қала береді.

Неміс жартылай қорғаушысы өткен жазда «Ливерпульмен» келісімшартқа қол қойғанына қарамастан, Алонсо Флорианның ойын мәнері оның футбол философиясына бәрінен жақын деп есептейді.

Defensa Central хабарлауынша, мадридтік клубта бұл трансфердің өте күрделі екенін мойындайды, бірақ Алонсоға, егер ойыншыны ақылға қонымды сомаға алу мүмкіндігі туындаса, клуб бұл келісімді жүзеге асыруға тырысатынын уәде еткен.

Егер «Ливерпуль» өз жаңа клубында сенім үдесінен шыға алмаған ойыншымен қош айтысуға шешім қабылдаса, «Реал» келесі жазда 70–75 миллион еуро шегінде келіссөздерге дайын болмақ.

Бұған дейін «Реалда» революция басталуы мүмкін екені, Флорентино Перес сенсациялық шешім қабылдағаны хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie