locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» жұлдызы жарақаттан кейін қалпына келудің соңғы сатысында

Рафинья алаңға оралуға жақын, бірақ клуб барынша сақтықпен әрекет етуде
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images

«Барселонаның» жетекші шабуылшысы Рафинья жарақаттан кейін қалпына келудің соңғы кезеңінде жеке жаттығуларын жалғастыруда.

Mundo Deportivo мәліметінше, бразилиялық вингердің оң жақ тізе асты сіңірімен әлі де мәселелер бар, сондықтан клуб оны алаңға шығаруға асықпайды.

Қалпына келу қарқыны оң болғанымен, команда өз көшбасшысының денсаулығына тәуекел еткісі келмейді. Қазіргі уақытта бразилиялық аяқдопшы жеке бағдарлама бойынша соңғы кезеңді өткізіп жүр.

Айта кетейік, Испания футбол федерациясы «Барселонадан» Ламин Ямалдың жарақатына қатысты байланыс болмағанына наразы. Вингер қарашадағы ойындарға «қызыл фурияның» құрамынан соңғы сәтте шеттетілді, себебі бұрыннан бар – шап тұсындағы ауырсынуы қайта мазалады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie