locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Барселона Рэшфорд үшін жарысқа қосылды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Барселона Рэшфорд үшін жарысқа қосылды
ФОТО: TeamTALK

Барселона Маркус Рэшфордтың өкілдерімен байланысып, ойыншыны жалға алуды қалайтынын білдірді.

Фабрицио Романоның хабарлауынша, “Ювентус”, “Милан” және “Боруссия Дортмунд” клубтарынан кейін “Барселона” да ағылшын футболшысының жалға алу келісімінің шарттары туралы хабардар болды. Футболшы мен каталониялықтардың алғашқы байланысы осы аптада өтті. Сондай-ақ, трансфер бойынша жұмыс басқа үміткерлер сияқты ерте кезеңде және әзірге соңғы шешім жоқ екені атап өтілді.

Еске салайық, бұған дейін “Манчестер Юнайтедтің” форвардқа қатысты жоспары туралы хабарлаған болатынбыз. Ағылшындық клуб “Наполи” вингері Кварацхелияны Маркус Рэшфордқа айырбастау мүмкіндігін қарастыруға дайын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie