«Барселона» Левандовскиге лайықты алмастырушы ретінде Хулиан Альвареске көз тігіп отыр
Ағымдағы маусым аяқталған соң «Барселона» орталық шабуылшы мәселесін шешуі керек — Роберт Левандовскидің келісімшарты маусым айында аяқталады.
El Nacional хабарлағандай, поляк шабуылшыны алмастыратын басты үміткерлердің бірі — Хулиан Альварес. Аргентиналық форвард каталондықтарды әмбебаптығы, гол соғу шеберлігі және шабуылды ұйымдастырудағы қабілетімен қызықтырып отыр. Алайда оның ауысуы қаржылық тұрғыдан қиынға соғуы мүмкін: «Атлетико» Мадрид өтемақы ретінде қомақты сома сұрайды, әрі ойыншының жалақысы да жоғары деңгейде қалып отыр.
L’Équipe басылымына берген сұхбатында Альварес болашақта «Барселонаға» ауысу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты, бірақ дәл қазір бар назарын «Атлетико» сапындағы ойынына аударғанын жеткізді. Сондай-ақ шабуылшы бас бапкер Диего Симеонемен жақсы түсіністігі туралы айтып, өзіне «Реал» мен ПСЖ тарапынан да қызығушылық болғанын еске салды.