locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» «Копенгагеннің» жас вингерін трансферлеуді көздеп отыр

Каталониялық клуб 19 жастағы Руни Барджиге қызығушылық білдіріп, дат клубымен байланысқа шықты
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
«Барселона» «Копенгагеннің» жас вингерін трансферлеуді көздеп отыр
ФОТО: Getty Images

Атақты инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, «Барселона» «Копенгагеннің» қапталдағы шабуылшысы Руни Барджиге қызығушылық танытып отыр. Каталониялық клуб трансфер жайын алдын ала талқылау үшін дат клубымен байланыс орнатқан.

Сондай-ақ швед ойыншысына «Порту» клубы да үміт артып отыр — олар ресми ұсынысты екі апта бұрын жіберген.

2024/25 жылғы маусымда швед вингері айқас байлам жарақатына байланысты небәрі бес ойын өткізді. Ал бұған дейінгі маусымда ол 23 матчта жеті гол соққан. Transfermarkt порталы Барджидің нарықтық бағасын 7,5 миллион еуроға бағалаған.

«Барселона» қақпашы Жоан Гарсияны қатарға қосты: трансфер құны - 25 млн еуро.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie