locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» клубында Ямалдың өмір салты алаңдаушылық тудырып отыр. Не болды?

Ойыншы кештерге тым көп уақытын арнайды
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
«Барселона» клубында Ямалдың өмір салты алаңдаушылық тудырып отыр. Не болды?
ФОТО: Getty Images

«Барселона» клубында Ламин Ямалдың өміріндегі кейбір жағдайлар мен оның алаңнан тыс өмір салтына байланысты алаңдаушылық байқалады.

AS басылымының мәліметінше, клубта Ламиннің күнделікті өміріне қатысты белгілі бір алаңдаушылық бар. Бұл әзірге үлкен қауіп тудырмайды, бірақ соңғы айларда ойыншының өмірінде болған кейбір жайттарға «Барса» басшылығы алаңдап отыр.

Клуб өкілдері оның футбол алаңынан тыс жүріс-тұрысына және өмір салтына қанағаттанбайды.

«Блауграна» басшылығы мен жаттықтырушылар штабы жас дарын иесі демалыс пен қалпына келтіруге көбірек уақыт бөлгенін қалар еді, алайда команда көшбасшысына спорттық тұрғыдан ешқандай шағым жоқ.

Бұған дейін «Барселона» мен «ПСЖ» арасындағы матчтың алдында Ямал жаттығуға кешігіп келгені хабарланған еді. Осы үшін бас бапкер Ханси Флик оны құрамадан алып тастамақ болған. Кейіннен неміс маманы клубтың қысымымен шешімін өзгертіп, Ламинді негізгі құрамға қосқан деген ақпарат тарады.

Алайда Флик бұл ақпаратты жоққа шығарып, ешкімнен мұндай өтініш болмағанын, клубтың оның жұмысына толық сенім артатынын атап өтті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie