locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» ыңғайсыз ойын кестесіне қатысты ресми шағым түсіреді

Футбол
Азат Максутбек
Азат Максутбек
«Барселона» ыңғайсыз ойын кестесіне қатысты ресми шағым түсіреді
ФОТО: Getty images

«Барселона» футбол клубы маусымның соңғы бөлігіндегі матч күнтізбесіне қатты наразылығын білдірді. Команданың бас бапкері Ханси Флик алдымен «Сельтамен» ойын алдында бұл туралы сын айтты, бірақ жағдай қайталанды: каталондықтар 4 мамыр күні сағат 00:00-де «Реал Вальядолидпен» ойнаса, 6 мамырда Чемпиондар лигасы аясында «Интермен» сырт алаңда матч өткізеді.

Флик Испанияда еуропалық жарыстарға қатысатын клубтарға ыңғайлырақ кесте түрінде қолдау көрсетілмейтініне ашуланды, содан кейін клуб бапкерді ресми мәлімдемемен қолдады:

«Біз Ханси Фликтің пікіріне толықтай қосыламыз. Испан футболының құзырлы органдары маусымның соңында барлық майданда күресіп жатқан клубтарға көбірек назар аударуы керек» - делінген хабарламада.

«Барселона» сондай-ақ болашақта осындай жағдайлардың орын алмауын қамтамасыз ету үшін ұлттық және халықаралық футбол органдарына ресми шағым түсіретінін растады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie