locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» «Эспаньол» қақпашысы Жоан Гарсияны өз сапына қоспақ: трансфер келісіміне қол жеткізілді

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Барселона» «Эспаньол» қақпашысы Жоан Гарсияны өз сапына қоспақ: трансфер келісіміне қол жеткізілді
ФОТО: Getty Images

Каталониялық «Барселона» жаңа қақпашы трансферіне бір табан жақын.

Mundo Deportivo мәліметінше, клуб «Эспаньол» қақпашысы Жоан Гарсияның агенттерімен келісімге келген.

Ақпаратқа сәйкес, тараптар бес жылдық келісімшартты мақұлдаған. Құжатта Испания ұлттық құрамасына шақырту алған жағдайда қосымша бонус төлеу қарастырылған. Қазір трансфер футболшының өзі келісім берсе ғана жүзеге аспақ.

Олимпиада чемпионы Жоан Гарсияға бірқатар еуропалық клуб қызығушылық танытып отыр. Атап айтқанда, оған «Арсенал», «Астон Вилла», «Ньюкасл Юнайтед», «Интер», «Наполи» және «Байер» клубтары көз тіккен. Дегенмен, «Барселона» 25 миллион еуро көлеміндегі сатып алу сомасын төлеуге дайын екенін білдіріп отыр.

Өткен маусымда Гарсия 38 ойын өткізіп, 8 матчта қақпасын голдан аман сақтағанымен, 51 доп жіберіп алған. Қақпашы болашағы жайлы шешімді алдағы демалыс күндері агенттерімен өтетін кездесуден кейін қабылдайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie